∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Төле бидің төреліктері

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Төле бидің төреліктері
3. Авторы (Айтушы)
К.Мәденұлы мен Х.Амандықов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Құлпейісов Еркін
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Оңтүстік Қазақстан, Семей, Жезқазған, Қостанай т.б. аймақтарының облыстық, аудандық газеттерінен көшірмелер.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ.1125, 134-135 дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; Ж.79 26х16; 18х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Төле би туралы екі аңыздың алғашқысында бір үлкен тойда бәйгеден озып келген жүйрік атқа екі рулы ел таласады. Дауды әділдікпен, көрегендікпен шешкен Төлеге қалың ел риза болады. Ал екінші аңызда Меккеге қажылыққа сапар шеккен адамның жолда небір кедергілерге ұшырап, басы дауға қалады. Түйесін қайырып бер деген адам «көзін ойып алам» десе, қайықшы «қоң етінен бір ширек ет кесіп алам» деп қорқытады. Ал біреуі қайтыс болған әкесінің құнын даулайды. Басы бәлеге қалған жолаушыны Төле би өзінің тапқырлығының арқасында даудан аман алып қалады. Қажы Төле биге бата беріп, алғысын айтып, сапарға аттанады.
13. Басы:
Бір байдың үлкен тойында бәйгеден бір жүйрік озып келеді.
14. Соңы:
…. деп батасын беріп, қажылық жолына қарай жүре берген екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат