∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сырымның Хиуа ханына баруы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сырымның Хиуа ханына баруы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов Мәтжан
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Орал, 1954-1984 ж.ж.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 910. 3-дәп.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.22 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Хиуа ханы бір жолы Сырымды шақыртып алады. Ол Сырымның хандарға, байларға қас екенін біледі. Хан реті келсе, Сырымды өлтірмек болады. Хан Сырым келместен бұрын оның алдынан бір сыншы адамды дайындап қояды. Аттан түсіп жатқан Сырымның алдынан шыққан сыншы оған қарап, басын шұлғиды. Сонда оған Сырым аузын ашып, тілін көрсетеді. Сырым аяғына малдың тезегін жағып алады. Сол кезде Хиуа ханы Сырымды мұқалтпақ болып сұрақ қойып, соңында өз масақара болып қалады.
13. Басы:
Бірде Сырымды Хиуа ханы шақыртыпты.
14. Соңы:
Удың әсерінен Сырым Хожелі деген жерге келгенде дүние салыпты.
15. Қосымша мәлімет
Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының 4 томдық қолжазба қоры.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат