∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сырымның қазасын естірту

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сырымның қазасын естірту
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Балтабаев Адамбай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1987 ж.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 990,3-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.22 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Сырым батырдың қазасын бала-шаға, туыс-туғанына қалай естіртуді білмей дағдарған жұрт ел шетінде тұратын Ұрышта деген қартты шақыртып, естіртеді. Сөз астарын түсінген баласы Қазы елді таратпай, асын беріп қайтарады.
13. Басы:
Сырым Хиуада жүріп қайтыс болады, бала-шағасына естіртуге елдің адамы жиналып, ешбір қисынын таба алмай жүреді.
14. Соңы:
Бұны естіп, Қазы би қонақтарын таратпай, алғашқы садақасын беріп қайырған дейді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат