∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ләйлі-Мәжнүн

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ләйлі-Мәжнүн
3. Авторы (Айтушы)
Шәкәрім Құдайберді
4. Жинаушы, тапсырушы:
Шайхы Кәрібаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
879/4
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2-18; Ж. 19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ұзын жолды дәптерге көк сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Араб патшасының баласы Қайыс пен сол елдің ару қызы Ләйлінің ғашықтығы, бірін-бірі сүйген екі жастың бас еркіндігі жолындағы, озбырлық-зұлымдыққа қарсы күресі мен махаббат трагедиясы жырланады. Патриархалдық-феодалдық қоғамның қатал заңы, Ислам дінінің шырмауы сүйіспеншілік жолына бөгет жасайды. Ақыры Ләйліні зорлап, сүймеген адамына қосады. Сүйген жарынан тірідей айрылған Қайыс қиянат дүниесінен безгендей болады. Қайғы-қасіретке уланған, жүрегі жараланған оған патшаның адамдары “жынданды” — “Мәжнүн” болды деген атпен айдар тағып, жұртқа өтірік лақап таратып жібереді. Жалғыздық мехнатын көрген Қайыс еріксіз ен даланы кезіп кетеді. Дастан жеке бастарын махаббат жолына құрбан еткен Ләйлі мен Мәжнүннің қабір басында бірге жатқан аянышты оқиғасымен аяқталады.
13. Басы:
Арабта бір бай болды, дәулеті асқан
14. Соңы:
Батырдан Нәупіл деген сөз бастайын
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева