∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Сырымның жерге айтқан сыны
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Сырымның жерге айтқан сыны
3. Авторы (Айтушы)
Адамбаев Балтабай
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 990
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.22 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сары кеңсе қағазына машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда Сырым Нұралы ханның орнына хан болғаннан кейін еліне жайлы жер іздейді. Сонда Еділ бойынан және Нарыннан құдықтар қаздарып, екі жердегі қазылған құдықтардың нәтижесін салыстырып, Еділ мен Нарынды жайлаған елдің шаруасының қалай өркендейтініне берген сыны айтылады.
13. Басы:
Қазақтың кіші жүз нәсілінен шыққан руы байбақты Сырым батыр Дат баласы Нұралы ханның орнына хан болған.
14. Соңы:
«Мынау Нарынды жайлап, қоныс еткен кісінің шаруасы жылдам өркендеп, өсіп кететін жер екен, ал мынау өрде, яғни қатқылды жайлап қоныс еткен кісінің шаруасын өсіруге көп күш керек екен», – депті.