Жиенәлі деген кісінің үш ұлы болады. Алдыңғы екеуіне бір кісінің көзі тиіп, шетінеп кетеді. Кішісін өсіріп, оқытады. Бір күні әке-шешесі жиған-тергендерін беріп, баласын қалаға, базарға жібереді. Үлы базардан үйіне қажет еш нөрсе алмастан қанжар сатып алады. Келесі жолы барғанда Құран алады. Баланың әке-шешесі жұртты жинап, баласының алған заттары дұрыс па, жоқ па соны сынатады. Соңғы рет базарға кеткенде “қымша” деген затгы іздейді. Бір адамға жолығып, ол іздеген “қымшасын” тауып бермекші болады. Ақысына он түйе жүк сұрайды. Жігіт карсы болмайды, саудагер жігітке сандық береді. Біраз жол жүргеннен кейін бір-ақ аш дейді. Жігіт сандықты ашса, ішінде сұлу қыз бар екен. Екеуі бір калаға тоқтайды. Бір тиын ақшалары болмаған соң Қымша қыз тақия, шапан тігіп, жігітке сатқызады. Сөйтіп байып, сарай салдырып, тұрмыс құрады. Шапанды сатып алған патша қызға ғашық болып, бүкіл шаһардан шапанды тіккен адамды іздетеді. Өзінің шешесін де шаһарды аралатьш жібереді. Кемпір Қымша мен Кәмел тұратын сарайға келіп тұрады. Қымшаны алдап, патшаға алып береді. Қымша Кәмелдің күшімен патшадан құтылып шығады.