∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қыз Алмаш

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қыз Алмаш
3. Авторы (Айтушы)
Әлпіш Жомартов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мұстахи Бимағанбетов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 жылғы Батыс Қазақстан экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
143
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 15; Ж. 29
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Новеллалық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Нарында Азат деген бай болған. Оның он төрт жасар Алмаш деген қызы, жеті жасар Төреш деген ұлы болған. Балалардың әке-шешесі өліп, олар көп малмен жетім қалады. Жәңгір деген ханның тоғыз биі жетімдерге зорлық жасап, қысым көрсетеді. Біраз малдарын алып, Азат байдың шұрайлы қонысына қол салып, тартып алады. Алмаш өткір тілді, ер жүрек қыз екен. Оның сөйлеген сөзі аузынан өлең болып төгіледі. Қыз тоғыз бидің аюандығын бетіне басады. Қысым көрген Алмаш пен Төреш бірі хан қызына үйленіп, екіншісі хан баласына тұрмысқа шығып, мұраттарына жетеді.
13. Басы:
Мақпал ойсам жарасар, Алтынды сандық зерлерге
14. Соңы:
Бәрін айт та, бірін айт, Ойнаса жақсы көгерер
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева