∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жаман адамды патша қылған қыз

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жаман адамды патша қылған қыз
3. Авторы (Айтушы)
Шамшия Хаймолдина
4. Жинаушы, тапсырушы:
Шамшия Хаймолдина
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 жыл, Семей облысы, Үржар ауданы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
116
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.36; Ж.20. 20х16,5; 19х13,5.
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді оқушы дәптеріне жасыл көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
новеллалық ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Ертегіде өз сырын ашып қойғаны үшін қатал әкенің қаһарына ұшыраған патша қызы туралы әңгіме болады. Патша әмірі бойынша, еліндегі ең жаман адамға қосақталған ақылды патша қызы ақырында жаман күйеуін патша тағына мінгізеді.
13. Басы:
Бұрынғы өткен заманда бір патша болыпты.
14. Соңы:
Гүлжаһар қыздың арқасында екі шаһарға патша болып билеп тұрыпты.
15. Қосымша мәлімет
Ертегі жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова