∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қара қыпшақ Қобланды батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қара қыпшақ Қобланды батыр
3. Авторы (Айтушы)
Біржан Толымбаев революциядан бұрынғы Қостанай уезінің Қарабалық болысында туып-өскен, асқан жырау, суырыпсалма ақын болған. Оның өмірбаяндық материалы әлі толық жиналған емес. 1914 жылғы Қазанда басылған «Қара қыпшақ Қобланды батыр» жинағында «Жырау Біржан Толымбаев» деп жазылған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Махмұтсұлтан Тұяқбаев Қостанай облысында туып-өскен, көп уақыт ел арасында революциядан бұрын да, одан кейін де мұғалім болған деседі. Әйелі Мәдине кіші баласы Мақұнның қолында, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Майкөл астық совхозының № 13 бөлімшесінде тұрған. Махмұт Сұлтан «Қобланды батырды» Біржанның айтуынан мөлшері 1913 жылы жазып алып, 1914 жылы Қазанда араб әрпімен жеке кітапша етіп бастырып шығарған. Осы кітаптың титулдық сыртында «Толымбаев Біржан жыраудың айтуынан. Жазушы Махмұт Сұлтан Тұяқбаев» делінген.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазба 1955 жылы Алматыда 1914 жылғы Қазан баспасынан көшіріліп алынған. Мұның алғашқы нұсқасы 1913 жылы Қостанай облысы, Қарабалық болысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
6
8. Бет, жол саны, өлшемі
122; 30; 21X30; 7X22
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Институт фондысындағы машинкаға басылған нұсқасы 1914 жылғы Қазанда басылған нұсқасынан алынған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Тоқтарбай мен Аналықтан Қобланды мен Қарлығаш туады. Ер жеткен Қобланды Көкләннің қызы Құртқаның шарттарын орындап, оған үйленеді. Кейін Қараманмен бірге жорыққа аттанып, Қазан батырды жеңеді. Көбіктінің жылқысын айдап әкеткен екі батыр қолға түсіп, зынданға қамалады. Көбіктінің қызы Қарлыға Қобландыға ғашық болып, оларды тұтқыннан босатады. Қобланды Көбіктіні жеңіп, елін шапқан Алшағырдан кек алады. Жорық барысында Қарлыға да ерлік көрсетеді. Қобландының Құртқадан туған ұлы Бөкенбай Шошай ханның әскерін жеңіп, жараланған әкесін құтқарады. Соңында Қарлыға Қобландыға қосылып, одан Киікбай атты ұл туады. Батырлар жауын жеңіп, ел-жұрты мұратына жетеді.
13. Басы:
Бұрынғы өткен заманда Тоқтар деген бай өткен, Әр түлікке сай екен.
14. Соңы:
Сөйтіп бұрынғы қазақтың батырлары мұратына жетіпті.
15. Қосымша мәлімет
Біржан Толыбаев жырау нұсқасы – толық, 7–8 буынды жыр үлгісімен айтылған. Бұл жырдың революцияға дейін де жазылып алынған (Махмұт Сұлтан) көшірме нұсқасы ел ішінде таралып, кейін Қазанда жарияланған. Институт фондысындағы машинкаға басылған нұсқасы 1914 жылғы Қазанда басылған нұсқасынан алынған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш