Қыпшақ елінде сексен төртке келген Қыдырбай атты бай, алпысқа келген Ақзарбап деген әйелі болады. Елдің әкім-билері ұлсыз Қыдырбайды қорлап «қубас» деп мазақтайды. Бұл қорлыққа шыдамаған Қыдырбай Ақшаханның еліне көшіп кетеді. Ақшаханның еліндегі Алшағыр ханның (қалмақ ханы) әйелі асқан сұлу қыз туады, атын Құртқа қояды. Құртқаның туған тойына шақырған Қыдырбайды Алшағыр жігіттеріне айтқызып «қубассың» деп тілдетеді. Бұған қайғыланған Қыдырбай кері қайтады. Әйелі Ақзарбап Құдайдан бала тілейді. Тілегі қабыл болып, ұл туады, атын Қобланды қояды. Оның туған тойына Алшағыр да шақырылады, кейін ол Қобландыдан қауіптеніп басқа жерге көшіп кетеді. Қобланды ер жетіп, Алшағырдың еліне барады. Күйеу таңдаған Құртқаның көп шартын орындап, Құртқаға үйленеді. Құртқа Тобылғы меңді торы өсіріп, батырға тарту етеді. Қобландыдан қауіптенген Алшағыр Қобландыны Барсаханға әдейі аттандырады. Жолда Барсаның Домбауыл, Қаһарман секілді батырларымен кездесіп жеңеді. Ақырында Барсаның өзін жеңеді. Елін шауып кеткен Алшағырдан кек алып, ел-жұртын азат етеді.