Қабылбек Сауранбаев (1889 жылы туған) туып-өскен жері – бұрынғы Жаркент уезі, қазіргі Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Саржал ауыл советі, «Калинин» колхозы. Ол 12 жасынан бастап 1922 жылға дейін бай-кулактардың есігінде малайлықта болған. Осы кезден 1960 жылға дейін Жаркент, Нарынқол, Кеген аудандарында әр түрлі қызмет атқарған, Нарынқол аудандық тексеру комиссиясының бастығы болып істеген. Бұл жырды Институт қорына 1956 жылы тапсырған.