∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Қобланды батыр жыры
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Қобланды батыр жыры
3. Авторы (Айтушы)
Құлзақ Амангелдин
4. Жинаушы, тапсырушы:
Дәкен Шалабеков
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазба 1954 жылы Қарағанды облысында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
12
8. Бет, жол саны, өлшемі
65; 27; 22X30; 10X26
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазбаның алғашқы бір жарым беті қара қарындашпен, ал, 3–62-беттері күлгін сиямен, кирилл әрпінде, соңғы 63–65-беттері қара қарындашпен араб әрпінде жазылған. Қолжазбаның 1–58-беті шақпақ дәптеріне, 59–65-беттері ақ қағазға түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл, араб әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Мұнда әңгіме Қобландының Қазанға қарсы аттанып бара жатқан жерін суреттеумен аяқталады. Жыр оқиғасы тақырып-тарауға бөлінбеген.
13. Басы:
Бастаймын Қобландыдан сөздің басын, Дамытсын Қадір мәулім сөз жалғасын.
14. Соңы:
بايالىشتى قۇمايتتان جالعىز تارتىپ جونەلدى / Баялышты құмайттан Жалғыз тартып жөнелді.
15. Қосымша мәлімет
Құлзақтың екінші нұсқасы толық емес және қара сөз аралас қара өлеңмен, жыр үлгісімен айтылған. Бұл нұсқаға осы жырдың машинкаға басылған 55-беті қосылған.