Куваштан деген шаһарда Аппақша деген бір кісінің баласы болмай, жасы елуден асқанда ғана ұл көреді. Дәл осы уакытга Үнтүшті деген падишаның әйелі де қыз туады. Екеуі құда болады. Бір күні Кәуас деген хан Төлен деген ұлын үйлендірмекші болып, Үнтіштінің қызы Құлқанысқа көзі түседі. Кәуас Үнтіштіге Аппақшаның ұлы Зебершені жамандап, айнытып тастайды. Сөйтіп, Үнтішті Кәуаспен құда болады. Бірақ Құлқаныс олардың сөзіне сенбей, өзі көз жеткізбекші болып, Зебершені аң аулап жүргенде кездестіреді. Екеуі бір-біріне ғашық болады. Құлқаныс Зебершені біраз уақыт сынайды. Кейін Кәуастың өтірігі шығып, маскара болып, жазасын тартады. Құлқаныс пен Зеберше мүратына жетеді.