∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Зебер мен Құлқаныс

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Зебер мен Құлқаныс
3. Авторы (Айтушы)
Нұралы Нысанбайұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Экспедиция мүшесі — Болат Әлмаханұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1995 жылы Қ. Саттаров басқарған «Түркістан қазақтарының ауыз әдебиетін жинау» экспедициясы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/14
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 115; Ж. 27
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен басылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Куваштан деген шаһарда Аппақша деген бір кісінің баласы болмай, жасы елуден асқанда ғана ұл көреді. Дәл осы уакытга Өтен деген падишаның әйелі де қыз туады. Екеуі құда болады. Бір күні Кәуас деген хан Төлен деген ұлын үйлендірмекші болып, Өтеннің қызы Құлқанысқа көзі түседі. Кәуас Өтенге Аппақшаның ұлы Зебершені жамандап, айнытып тастайды. Сөйтіп, Өтен Кәуаспен құда болады. Бірақ Құлқаныс олардың сөзіне сенбей, өзі көз жеткізбекші болып, Зебершені аң аулап жүргенде кездестіреді. Екеуі бір-біріне ғашық болады. Құлқаныс Зебершені біраз уақыт сынайды. Кейін Кәуастың өтірігі шығып, маскара болып, жазасын тартады. Құлқаныс пен Зеберше мүратына жетеді.
13. Басы:
Бісмілла сөздің шекері, Әмма сөздің мекені
14. Соңы:
Кешіріңдер, әлеумет, Бар болса жерім адасқан
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолы әр бетке бір қатардан орналастырылған.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева