∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Құлқаныс-Зеберше

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Құлқаныс-Зеберше
3. Авторы (Айтушы)
Белгібай Бектұрғанов — айтушысы; Нұралы Нысанбаұлы — жыршысы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Зүбайра Сейітғаппарова
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас станциясында басылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет жіне өнер институты
7. Шифры
86
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 162; Ж. 354
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сары түсті кеңсе қағазына машинкамен басылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Аппақша деген кісінің жасы елуден асқанда ғана ұлы өмірге келеді. Сол уақытта Өтен деген падишаның әйелі қыз туады. Екеуі құда болады. Кәуас деген хан Төлен деген ұлын үйлендірмекші болады. Құлқанысты ұлына алып беру үшін ол Өтенге Аппақшаның ұлы Зебершені әбден жамандап, айнытып тастайды. Енді Өтен Кәуаспен құда болады. Құлқаныс олардың сөзіне сенбей, өзі Зебершемен кездесіп, оны біраз сынақтан өткізіп сынайды. Дұрыс адам екеніне көз жеткізіп, екеуі бір-біріне ғашық болады. Кәуастың өтірігі ашылып, жазасын алады. Екі ғашық жас қосылып, мұраттарына жетеді. деген
13. Басы:
Бисмилла сөзді бастадым
14. Соңы:
Кей жері қалса ұнамай
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан басылған
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева