∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Құлқаныс-Зеберше

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Құлқаныс-Зеберше
3. Авторы (Айтушы)
Нұралы Нысанбайұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Зүбайра Сейітғаппарова
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1951 жылы Түлкібас станциясында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
309
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1-128; Ж. 21
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Ордалы деген шаһарда Аппақша деген бір кісінің баласы болмай, жасы елуден асқанда ғана ұл көреді. Дәл сол уақытта Өтен деген падишаның әйелі де қыз туады. Екеуі құда болады. Бір күні Кәуас деген хан Төлен деген ұлын үйлендірмекші болып, Өтеннің қызы Құлқанысқа көзі түседі. Кәуас Өтенге Аппақшаның ұлы Зебершені жамандап, айнытып тастайды. Сөйтіп Өтен Кәуаспен құда болады. Бірақ Құлқаныс олардың сөзіне сенбей, өзі көз жеткізбекші болып, Зебершені аң аулап жүргенде кездестіреді. Екеуі бір-біріне ғашық болады. Құлқаныс Зебершені біраз уақыт сынайды. Кейін Кәуастың өтірігі шығып, масқара болып, жазасын тартады. Құлқаныс пен Зеберше мұраттарына жетеді.на
13. Басы:
Бисмилла сөзді бастадым, һәр мақлұқ ойлар бас қамын
14. Соңы:
Түзетерсіз қатасын, кей жері қалса ұнамай
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева