Ертеде Мәдинеде тұрған, елге үлгі болған, бай шал болады. Ол шалдың жалғыз ұлы жалқау болып өседі. Әкесі «Балам, шамаң келсе, малдан айрылма, кедей болып қалсаң, еш уақытта сопыдан қайыр сұрама, олар ешкімге жақсылық жасамайды» деп насихат айтады. Әкесі өліп, бала кедей болып, қайыр сұрап кетеді. Бір сопыдан қайыр сұрайды, ол ештеңе бермейді. Кезіп жүріп, бір сұлу әйелге кез болады. Әйелге ғашық болып, өз жағдайын айтады. Әйел үстінен бір киімін шешіп береді. Ол киімнің бағасы үш мың ділдә тұрады екен. Мұны білген сопы әйелінің оң қолын білезігімен кесіп тастайды. Қорлыққа шыдай алмаған әйел ел кезіп кетеді. Жүре-жүре бір кемпірге кез болады. Кемпір екеуі бірге тұрады. Бір күні кемпірдің үйіне керуеншілер келеді. Керуен басы Зағипаны көріп, ғашық болады. Зағипа түс көреді. Түсінде бір адам келіп, оның қолын сылап-сипайды. Таңертең тұрса, қолы бүтін болады. Жігіт өзіне қайыр берген әйел екенін таниды. Зағипа оған бастан кешкен мехнатын айтады. Екеуі үйленіп, бақытты өмір сүреді. Күндердің күнінде олардың үйіне бір ғаріп келіп, қайыр сұрайды. Зағипа оған қайыр беріп, кезінде қайыр бергені үшін күйеуінің қолын кесіп тастағанын айтады. Сопы өз әйелін таниды. Сопы Зағипаның берген қайырын алып, әрі қарай қайыршы болып кете береді.