∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

زارۋان سۇلۋدىڭ قيكاياسى / Зәруан сұлудың хикаясы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
زارۋان سۇلۋدىڭ قيكاياسى / Зәруан сұлудың хикаясы
3. Авторы (Айтушы)
Сәрсенбек Түсіпұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сәрсенбек Түсіпұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1968 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
693
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.27; Ж.24. 17х21; 15х19.
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ дәптерге көк түсті қаламсаппен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
араб әрпінде
11. Жанры
новеллалық ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Амауран шаһарының патшасы Арангүштің жалғыз қызы Зәруанның түс көруі, патшаның бал аштырып, түсін жорытуы, Стақыр шаһарының патшасы Қауасаттың Арангүл патшасына Салқайыр батырды елші етіп жіберіп, «патшаның қызы Зәруан сұлуды берсе қолынан, бермесе жолынан алып бер» деп жарлық етуі, екі патшалықтың соғысуы, аралыққа Абат патшалығы араласып, Салқайыр батырдан қырғын көруі, Мазандан шаһарының патшасы Ғанади соғысқа араласып, Қадыс батырдан қырғын табуы баяндалған.
13. Басы:
Амауран шаһарының патшасы Арангүл бұл патшаның жалғыз қызы Зәруан сұлу…
14. Соңы:
Қадысты сыйлаумен қайтарып еді.
15. Қосымша мәлімет
«Қырық сұлу» кітабындағы нұсқаны ертегіге айналдырған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова