Қараман Қобландыны Қазанға қарсы жорыққа шақырады. Қобланды Тайбурылдың бабы келмегенін айтып, алғашында бас тартады. Алайда Қараманның сөзіне намыстанып, ел-жұртымен қоштасып, оның соңынан аттанады. Қобланды Қазан батырдың әскерін жеңгеннен кейін Қараманмен бірге Көбіктінің жылқысын айдап әкетеді. Көбікті екі батырды қолға түсіріп, зынданға салады. Қызы Қарлыға оларға көмектесіп, тұтқыннан босатады. Қобланды Көбіктіні жеңіп, Қарлығамен бірге қият еліне келеді. Қияттар жеңісті Қараманға теліп, той жасайды. Елеусіз қалған Қобланды түс көріп, Қарлығаның жоруынан елінің жау қолында қалғанын біледі де, оны азат етуге аттанады.