Әбілқайыр Дәнекеров 1894 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. Жасы жиырма беске келгенше бақташылық, егіншілікпен кәсіп етеді. 1924 жылдан 1940 жылға дейін Қармақшыдағы механикалық зауытта істейді. Он бес жасынан бастап халық ақындарының айтуынан «Қобланды», «Қамбар», «Қыз Жібек» т. б. сияқты жырларды жаттап, ел арасында айтып жүреді. Бірақ ол жырларды кімнен үйренгенін есіне сақтамаған. 1940–1951 жылдары Жосалы темір жол станциясында паровоз тазалаушы болады. Содан кейін зейнетке шығады.