∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

گۇلباقران سۇلۋدىڭ قيكاياسى / Гүлбахран сұлудың хикаясы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
گۇلباقران سۇلۋدىڭ قيكاياسى / Гүлбахран сұлудың хикаясы
3. Авторы (Айтушы)
Сәрсенбек Түсіпұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сәрсенбек Түсіпұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1968 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
693
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.17; Ж.24. 17х21; 15х19.
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ дәптерге көк түсті қаламсаппен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
араб әрпінде
11. Жанры
новеллалық ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Кабул шаһарының патшасы Мануар Шайидің Зупын шаһарының патшасы Ғабул шайимен соғыспақшы болып, Азат батырдың Габул Шайи патшамен аң аулауға шығуы, дала жолбарысын тірідей ұстап, патшаға байлауы, патша қызы Гулбахранның Азат батырға ғашық болуы, Азат батырдың Гулбахран сұлуды алуы, екі патшалықтың беріскен қалың мал саны, той-салтанаттары, бәйге-жарысқа тіккен сыйлықтар, екі патшаның Азат батыр арқылы құда болып, татуласқаны баян етіледі.
13. Басы:
Кабул шаһарының патшасы Мануар шайи бір күні отырып …
14. Соңы:
Құдасының елінің заңын мақтап еді.
15. Қосымша мәлімет
Дәптер сарғыш қағазбен қапталған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова