Баласыз Тоқтарбай мен Аналықтың тілегі қабыл болып, Қобланды мен Қарлығаш дүниеге келеді. Ер жеткен Қобланды Қараманмен бірге Көкіләннің еліне барып, Қырық кез Қызыл ерді жеңіп, Құртқаға үйленеді. Құртқа Тайбурылды баптап өсіреді. Кейін Қобланды Қараманмен бірге Қазанға қарсы жорыққа аттанады. Одан әрі оқиға желісі Марабай жырлаған «Қобланды батыр» нұсқасына ұқсас өрбиді. Жыр Қобландының ел-жұртын Алшағырдың тұтқынынан босатып, қыпшақтарды Қараспанға қайта қоныстандыруымен аяқталады.