Нұрпейіс Байғанин (1860-1945) – қазақтың белгілі ақыны әрі жырауы. 1860 жылы Қазіргі Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. Жастайынан ән-күйге, өлең-жырға құмар болады, он бес жасында ақын атанады. Абыл, Шернияз, Махамбет, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай т. б. ақын-жыраулардан үлгі алған. Нұрпейіс – күрделі сюжетке құрылған эпикалық жырлар шығарған ақын. «Қобланды батыр», «Құбығұл», «Төрехан», «Ақкенже», «Нарқыз», «Комиссар Пожарский», «Ер туралы жыр», «Жиырма бес» т. б. Нұрпейістің еңбегі советтік дәуірде аса жоғары бағаланады. Оған өкіметіміз 1939 жылы «Өнерге еңбегі сіңген қайраткер» атағын береді, «Құрмет белгісі» орденімен марапаттайды. Нұрпейіс ұаақ науқастан кейін, 1945 жылы апрель айында қайтыс болған.