∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Qoblan batьrdьŋ balasьnьŋ сьrь / Қоблан батырдың баласының жыры

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Qoblan batьrdьŋ balasьnьŋ сьrь / Қоблан батырдың баласының жыры
3. Авторы (Айтушы)
Айса Байтабынов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жырды Айсадан Қымбат дейтін қызы жазып алған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазба 1941 жылы Ақтөбе облысы, Қобды ауданында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
828
8. Бет, жол саны, өлшемі
68; 20; 18X22; 13X19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба шақпақты (1–44-6.) және бір сызықты (48-68-6.) дәптерге түсірілген, жырдың алғашқы беттері (1–4-6.) көк сиямен, қалғандары күлгін сиямен, латын әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Латын әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Қобланды мен Құртқа ұзақ уақыт перзент көрмей, Құдайдан бала тілейді. Құртқа жолбарыстың жүрегіне жерік болып, кейін ұл табады. Қобланды тойға кеткенде, қалмақтар Қодардың көмегімен оның елін шабуға келеді. Жауды қуған Қобландының аты өзенге құлап, батыр суға кетеді. Қалмақтар ауылды шауып, Құртқаны тұтқынға әкетеді, ал жұртта қалған нәрестені Бөрібай байдың тоқалы Қаракүң тауып алып, Жаскелең деп ат қояды. Он бес жасқа толған Жаскелең Қобландыны іздеуге аттанған Қази бастаған батырлардың соңынан барады. Ол жауды жеңіп, Қолакөкірек ханды өлтіреді және зындандағы тұтқындарды босатады. Сол жерде Жаскелең анасы Құртқамен табысады. Кейін барлығы елге оралып, Құртқаны Бөрібайға қосады.
13. Басы:
Qoblan mьqtь er edі, Tаuekelі kөp edі, Tuьsqan-tuma сoq edі
14. Соңы:
Qarǵam tіrі bolsa өzіnen bөten eсkіm сoq qoj dep Bөrіbajǵa tjіptі.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш