∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Qoblandь batьr / Қобланды батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Qoblandь batьr / Қобланды батыр
3. Авторы (Айтушы)
Марабай жырау
4. Жинаушы, тапсырушы:
Иманұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазба 1939 жылы Орал облысы, Чапай ауданында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
76
8. Бет, жол саны, өлшемі
65; 23; 17X21; 13X20
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба латын әрпінде күлгін сиямен көшіріліп жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Латын әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Қият руынан шыққан Қараман батыр Қазанды шабуға аттанып, Қобландыны бірге жүруге шақырады. Құртқа Тайбурылдың қырық үш күндік кемдігі барын айтып, сапарға бармауға кеңес береді. Алайда Қараманның сөзіне намыстанған Қобланды жорыққа аттанып, Қазанды жалғыз өзі алады да, олжаны серіктеріне үлестіреді. Кейін Қобланды мен Қараман Көбіктінің жылқысын айдап әкетеді. Көбікті оларды тұтқындап, қызы Қарлығаның қарауына береді. Қобландыға ғашық болған Қарлыға екі батырды зынданнан босатып, олармен бірге қашады. Қуып жеткен Көбіктіні Қобланды Қарлығаның көмегімен өлтіреді. Қараман Қарлығаны сауғаға сұрап алады. Қияттар жеңісті Қараманға теліп, Қобландыны елеусіз қалдырады. Түсінде елінің жау қолында қалғанын білген Қобланды Құртқа қалдырған белгілер арқылы Алшағырдың қаласына жетеді. Құртқаның ақылымен бекіністің осал тұсын анықтап, Қарлыға, Қараман және Орақ батырлармен бірге жауды жеңеді. Батырлар Алшағырды өлтіріп, ел-жұртын азат етеді де, Қараспан тауына қайта қоныстандырады.
13. Басы:
Qijat rulьq Qaramannьŋ сauǵa attanьp bara сatьp, qurdasь qara qьpсaq Qoblandьǵa ajtqanь.
14. Соңы:
Erler сannan tyŋildi, Ac kyzendej bjgildi.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның әшекей безектері бар. Бірінші бетте шығарманың аты қызыл-жасыл түсті бояу қарындашпен, әдемі безекпен жазылған. Ал, шығарманың 67-бетінде Қобландыны тұлпарына мінгізіп, қолына найза ұстатып салған суреті бар.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш