∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

بىلگەنگە تاقپاق، بىلْمەگەنگە اپپاق سۇلۇ / Білгенге тақпақ, білмегенге аппақ сұлу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
بىلگەنگە تاقپاق، بىلْمەگەنگە اپپاق سۇلۇ / Білгенге тақпақ, білмегенге аппақ сұлу
3. Авторы (Айтушы)
Сәрсенбек Түсіпұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сәрсенбек Түсіпұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1968 жыл
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
693
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.24; Ж.26. 17х21; 15х19.
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ дәптерге көк сиялы қаламсаппен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
араб әрпінде
11. Жанры
новеллалық ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Өткен заманда Мысыр шаһарында өзі таз, кедей, өзі жалғыз Көлерме атты жігіт болады. жасы отыздан асып, өмірден қажыған кезінде түс көреді. түсінде өлген әкесі келіп: «Балам, тақияңды, үстіңдегі қара киіміңді тастап, батысқа қарай созылып жатқан даңғыл жолмен сапар шек, жол-жөнекей бір әйел кезігеді, сен сол әйелмен үйленсең, сонан соң бағың ашылады», — дейді. Көлерме әкесінің берген аяны бойынша жол жүріп, жолдан қой басындай алтынға кез болады. Алтынды жүз мың ділдаға айырбастап Құддыс шаһарына барады. Қаншама қиын жолдардан өтіп, Құддыс шаһарының патшасы Ғапіролланың білгенге тақпақ, білмегенге аппақ атты жалғыз қызына ғашық болып жүріп, ақыры соған үйленеді. Күндердің күнінде Сейт Баттал атты бір ұл көріп, ол өсе келе осы Құддыс шаһарына патша болады. Сөйтіп өзі таз, өзі кедей Көлерме жігіт еңбек, айламенен барлық мақсатына жетеді.
13. Басы:
Бұрынғы өткен заманда Мысыр шаһарында өзі таз, өзі кедей, өзі жалғыз, аты Көлерме деген жігіт болыпты.
14. Соңы:
Ғабдолла патша дүние салған соң орнына таққа мініп Құдысқа патша болып қалады.
15. Қосымша мәлімет
Дәптер сарғыш қағазбен қапталған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова