∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қобланды батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қобланды батыр
3. Авторы (Айтушы)
Марабай жырау
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әбубәкір Диваев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазба 1955 жылы Алматы қаласында машинкамен көшірілген. Жырдың алғашқы нұсқасының бірі 1894 жылы, 12 декабрьде, Ақмешіт уезінде жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
5
8. Бет, жол саны, өлшемі
123; 32; 22X30; 6X23
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба 1955 жылы Алматы қаласында машинкамен кирилл әрпінде көшірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Қият руынан шыққан Қараман батыр Қазанды шабуға аттанып, Қобландыны бірге жүруге шақырады. Құртқа Тайбурылдың қырық үш күндік кемдігі барын айтып, сапарға бармауға кеңес береді. Алайда Қараманның сөзіне намыстанған Қобланды жорыққа аттанып, Қазанды жалғыз өзі алады да, олжаны серіктеріне үлестіреді. Кейін Қобланды мен Қараман Көбіктінің жылқысын айдап әкетеді. Көбікті оларды тұтқындап, қызы Қарлығаның қарауына береді. Қобландыға ғашық болған Қарлыға екі батырды зынданнан босатып, олармен бірге қашады. Қуып жеткен Көбіктіні Қобланды Қарлығаның көмегімен өлтіреді. Қараман Қарлығаны сауғаға сұрап алады. Қияттар жеңісті Қараманға теліп, Қобландыны елеусіз қалдырады. Түсінде елінің жау қолында қалғанын білген Қобланды Құртқа қалдырған белгілер арқылы Алшағырдың қаласына жетеді. Құртқаның ақылымен бекіністің осал тұсын анықтап, Қарлыға, Қараман және Орақ батырлармен бірге жауды жеңеді. Батырлар Алшағырды өлтіріп, ел-жұртын азат етеді де, Қараспан тауына қайта қоныстандырады.
13. Басы:
Қараман айтты: Құрдасжан, Мен – Сайымның ұлы Қараман, Қазанға кетіп барамын
14. Соңы:
Көңіліңіз ағаңызға ренжімесін, Хат жазып, сәлем айттым, інім, саған.
15. Қосымша мәлімет
Әбубәкір Диваевқа «Қара қыпшақ Қобландыны» бұрынғы Ақмешіт уезінің қазағы Баймұрат Өскеұлы (ол туралы толық мәлімет әзірге жоқ) деген кісі жинап берген. Бұл жөнінде жырдың соңында Баймұраттың Әбубәкірге арнаған хаты бар. Онда «Сіздің сұрауыңыз бойынша осы жырды жаздым, 1894 жыл, 12 декабрь» делінген. Ал, Баймұрат бұл жырды кімнен жазып алғанын көрсетпеген.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш