∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Күйші

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Күйші
3. Авторы (Айтушы)
Құрманғазы Сағырбайұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әбіш Байбосынов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1957 жылы Гурьев экспедициясында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
241
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; Ж.11. 14,5х20; 13х6,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді оқушы дәптеріге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
күй аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Байдың ауылына қыдырып келген Құрманғазы бай үйіне ат басын бұрады. Құрманғазы келгенде байдың қызы бие саууға шығып келеді, сонда күйші домбырасын алып «Бие сауу» атты күйін тартады. Қыз да домбырашы екен, күйді түсініп жауап күй шертеді. Екеуі бірін-бірі жеңісе алмай ұзақ тайталасқанда, Құрманғазы жата қалып күйін башпайымен шалады. Қызды жеңген күйшіні бай қонақ қылып, келесі ауылға сый-құрметпен жіберген екен.
13. Басы:
Құрманғазы бір байдың аулына қыдырып келіп, үйіне түскен екен.
14. Соңы:
…Үй иесі, бай Құрманғазыға қонақасы беріп, үлкен сый-құрметпен басқа ауылға аттандырған.
15. Қосымша мәлімет
Бір парақ оқушы дәптерінің сырты ақ қағазбен желімденген.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова