∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бұланжігіт

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бұланжігіт
3. Авторы (Айтушы)
Бұланжігіт
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1957 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
296
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 3; Ж. 80. 28,5х20,5; 25х17,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сарғыш түсті кеңсе қағазына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
күй аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Бұланжігіт деген жас жігіт ел қорғайтын батыр болуды армандапты. Абылай хан мықты жігіттерді қалмаққа барымта алдыруға жібермекші боп кеңес құрып отырғанда, Бұланжігіт ханнан осы жорыққа жіберуін сұрайды. Сол кезде жігіттің келіншегі келіп оларға жаман түс көргенін айтып, жігітті жібермеуін сұрайды. Бұланжігіт бой бермей қолмен бірге аттанады. Айтқандай-ақ, ол осы жорықта жау қолына ұсталып бір жыл қорлық көреді. Қажыған жігітті қалмақ ханының қызы Қаракөзайым көріп, жаны ашып, әрі сүйіп қалады. Бір түні керегеде байланып тұрған Бұланды қыз еліне босатпақшы болып, астына ат беріп: «Жігіт болсаң, бір іздеп табарсың» деп жібереді. Аман-есен шекарадан өтіп еліне келген уақытта тынығуға, әрі аталарына тәу етуге бейіт басына келіп тоқтапты. Отырған жерінде бір қабырға шаншылған қарқаралыға көзі түсіп кетіп, ол келіншегінің қарқарасы екенін танып зар жылайды. Басынан өткенін есіне түсіріп, әрі келіншегін жоқтаған жас жігіт осы арада мұңлы күйін шығарған деседі. Содан бері Бұлан жігіт сыбызғышы-күйші болыпты.
13. Басы:
Бұланжігіт басында күйші емес екен.
14. Соңы:
…«Бұланжігіт күйі» деген сондағы әйелі қойылған қабырдың басында айтқан зары екен деп, домбырашылар тартатын еді.
15. Қосымша мәлімет
Ақ қағазбен тысы қапталып, тігілген.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова