Ерте уақытта бір үлкен жұт болады. Сол кезде бір ауылды сүтімен асырап, аман сақтап қалған Бозінген болған екен. Күндердің күнінде ол да иімей қалып, халық қапаланыпты. Елге танымал қарт күйшіні шақыртып інгенді иідіртпек үшін күй тартқызады. Есесіне оған сол ауылдың асқан сұлу қызын бермекші екен. Шал күйді тарта жөнелгенде иіген Бозінгеннің емшегін ұстай алған қызды көрген күйші, қызды қалыңдыққа алмай қоя беріпті.