∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шом қалған

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шом қалған
3. Авторы (Айтушы)
Зияш Өтетілеуов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жанар Жұмағұлова
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1200
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; Ж.19. 20х32; 18х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде Қопа өзенінің бойындағы қазақтар қоқандықтардың көрсеткен қорлықтарына шыдамай, олардың әскерлерін өлтіріп, тірі қалғандарын мазақтап, қуып жібереді. Оны естіген қоқан ханы қатты ашуланып, қазақтарға көп әскер жіберіп, қатын-балаларын тұтқындап, еркектерді өлтіртеді. Осы кезде шапырашты руынан ер жүрек батыр Сұраншы Ақылбайұлы шығып, аман қалған жігіттерден аз ғана қол жинап, қоқандықтарға қарсы шығуға дайындалады. Қоқандықтардың әскер саны басым екенін білген Сұраншы жасағымен түн жамылып қоқандықтардың шебіне тақау келіп, жігіттеріне әр жерден көп қылып от жағып, у-шуды көбейтуді бұйырады. Бұны көрген қоқандықтар Сұраншының әскері көп екен деп шошып, жан-жаққа қаша бастайды. Сұраншы содан соң қоқандықтарға «еркімен берілсін» деп елші жібереді.
13. Басы:
Отар маңайындағы Қопа өзенінің бойында көшіп жүрген қазақтар қоқандықтардың қысымына шыдамай…
14. Соңы:
Содан бері осы жер «Шом қалған» деп аталады.
15. Қосымша мәлімет
Мәтіннің беттері түптелмеген, қағазы сарғайған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова