Ерте кезде бұл жерде адайлар мен түркімендер арасында қырғын соғыс болған. Адайлар түрікмендерден қорғану үшін таудың басын паналаған. Түрікмендер бұл тауды қоршап алған. Адайлар таудың басын тесіп, сол жерден су алып отырған. Мұны біліп алған түрікмендер екінші жағынан тесіп, адайлар су алғанда арқанды қиып тастап отырған. Сусыз қалған адайлар тау басында қырылып қалған. Содан бастап бұл тау шерлі, зарлы қала деп аталып кеткен.