∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шерқала

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шерқала
3. Авторы (Айтушы)
Жаңыл Шақаева
4. Жинаушы, тапсырушы:
А.Таубаева, М.Тілеужанов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Павлодар облысы, Екібастұз ауданы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
910/4
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; Ж.29. 24,5х15; 24,5х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Баяғыда түрікпен-қазақ қырғынында осы ұшпаға түрікпендер орналасып алып, жаугершілік жасаған. Бұл ұшпаның жан-жағы тегіс тас, өтетін жері, жолы болмаған. Тек бір ғана жолы – ішінде су алатын түрікпендердің тіршілік еткен көзі үлкен шыңырауы болған. Жоғарыдағы жауға ештеңе істей алмай, құруға жақын қалған қазақтар ақыры амалын тауыпты. Олар шыңыраудан қауіпсіздеу бір шетін тесіп, сол жерден түрікпендердің су алуға түсірген қауға, шелегін кесіп тастап тұрған. Ақырында шөлден қырылып, қаталаған түрікпендердің жартылай қолы «Шерқаланы» тастап қолға түскен екен. «Шерқаланы» түрікпенше алынбайтын қамал дегенді білдіреді екен.
13. Басы:
Шерқала Қаратаудың арғы бетінде орналасқан
14. Соңы:
Сондықтан олар әрі-бері өткенде сол жерге садақаға мал сойып, пәле-жаладан құтылу үшін түнеп шығатын болған.
15. Қосымша мәлімет
Қағаздары ескірген
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова