∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шідерлі, Өлеңті, Ақ көл

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шідерлі, Өлеңті, Ақ көл
3. Авторы (Айтушы)
Әліп Малқаров
4. Жинаушы, тапсырушы:
Берік Рақымов, Д.Мұхамеджанов, Ғ.Әбілқасов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Павлодар облысы, Екібастұз ауданы. 1991 жыл. 5 тамыз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
936
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; Ж.23. 27х19,7; 25х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Үлкен жол қағазға жазылып, біріктіріліп тігілген.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Асан Қайғы бір өзенге келіп, шідерленген ат семіретін жер екен деп өзеннің аты Шідерлі болады. Бір өзенді өлеңдетіп, шулап тұрады екен деп Өлеңті қойыпты, ал осы екі өзеннің қосылған көлінің тап-таза суына қарап Ақкөл деп атаған екен.
13. Басы:
Бұрынғы ескі уақытта Асан қайғы деген адам болғаны бәрімізге мәлім
14. Соңы:
Бұл үш көл бар аймаққа Исабек, Исақ дегеннің тұқымы тоқтап, орын салыпты.
15. Қосымша мәлімет
Қағаздары ескірген.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова