∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шажағай

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шажағай
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Берік Рақымов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1200
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; Ж.36. 21х17; 18х8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ұлы жүз, Жетісу бойының Шажы деген өндірдей жас жігіті сүйгеніне қосыла алмай, Арқаға көшіп келіпті. Арқа елі Ұлы жүздің жігітіне мекен жай беріпті. Шажы аз жылда-ақ үй тігіп, қой айдап, Арқаның бір аруымен жарасқан екен. Өзінің де халыққа қадірі артады. Бір күні Шажының атақ-даңқын естіген Ұлы жүздің ер-азаматтары Шажыдан елге қайтуын өтінеді. Шажы көнбепті. Шажы сексеннен асып дүние салғанда Орта жүз, Ұлы жүз болып күңіреніп, осы өзеннің бойына арулап қойған екен. Халықтың қалауымен осы өзенді «Шажы» деп атапты.
13. Басы:
Сонау ертедегі ноғайлы деп аталатын заманнан беріде, ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама заманынан әріде болса керек
14. Соңы:
Алайда, қадірлі қарияның есімін баттитып атай салудан қымсынған кейінгі ұрпақ Шажы-ағай деп кетсе керек
15. Қосымша мәлімет
Қағаздары сарғайған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова