∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

«Қаракесек» деп Ұланақтың аталу себебі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
«Қаракесек» деп Ұланақтың аталу себебі
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Азат Отызбаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қорға 1990 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1146
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Ж.27. 20х30;18х28
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
А4 форматтағы қағазға көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ұланақ жарлы, кедей және оқшауда болған жан еді. Ешкіммен араласпай, адамға мезірет айтпайтын. Бір күні Ұланақтың үй-жайы өртеніп қалады. Өрттен тек ғана қара кесегі мен күлі қалады. Оны көрген адамдар табалау мақсатында «әшейінде қара кесегі шығып жүретін сорлының, енді қара кесегі қосылып қара күлі шығыпты ғой» деп айтыпты. Сол кезден бастап Ұланақты «Қаракесек» деп айта берген көрінеді.
13. Басы:
Ұланақ туысынан кедей, жарлы болған екен
14. Соңы:
Қаракесек атанып кетеді дейді қариялар
15. Қосымша мәлімет
Қарасөз тәртібімен орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова