∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Есентемір туралы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Есентемір туралы
3. Авторы (Айтушы)
Ғүбайдолла Ахметұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Фарид Ғатауов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1962 жылы жазылып алынған
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
354/2
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2 ; Ж 27. 20х30;15х24
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге, машинкамен басып шығарған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Есентемірдің азан шақырып қойған есімі Темір еді. Ол шеттен келіп, Қыдырқожаға паналанған. Бір жылы қыста байдың жылқысымен отарға кетеді. Жазғытұры жылқыны түгел аман-есен айдап алып келді. Бай оның қайратына разы болып, «есен» деген сөзді қосып, оған әйел алып береді. Осыдан кейін ол «Есентемір» атанған екен.
13. Басы:
Алтай, Елтай жауда атысып, Алтай қаза табады…
14. Соңы:
Есентемір атанып баласы болып кетеді.
15. Қосымша мәлімет
Қарасөз тәртібімен орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова