∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қожай мен Байжұмыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қожай мен Байжұмыр
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Шорманұлдары Жүніс пен Арон; Тапсырушы Ғ. Мұсабаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Институтқа 1958 жылы тапсырылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
128
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 27; Ж. 16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кішкене форматты ақ қағазға қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
араб әрпінде жазылған.
11. Жанры
дастан
12. Қысқаша мазмұны
Шығармада мысыр жігіті Қожай мен үнді жігіті Байжұмырдың достығы баяндалады. Кедей қызына үйленген Қожайдың әйеліне Байжұмыр қастық жасайды. Әйелдің асқан ақылдылығымен жабылған қарадан ағарып, екі жастың тәту-тәтті өмір кешкені дастанға өзек болады.
13. Басы:
Қолыма «Алла» деп алдым қалам
14. Соңы:
Бәрекелді қабылдар жел жаныңда
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева