∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қазақ деген сөз «қыз» бен «ақ» деген сөзден қосылып, «қазақ» болған...

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қазақ деген сөз «қыз» бен «ақ» деген сөзден қосылып, «қазақ» болған…
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Cабыржан Шәкіржанов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
130
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б 3; Ж.14; 20,5х17,0; 18,5х13,0.
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Бір заманда бір патшаның бойжеткен қызы түсінде тұрмысқа шыққанын көріп, жүкті болып қалады. Ол өзінің себепсіз жүкті болып қалғанын атасына айтудан қорқып, сырын өзінің бағушысы мен қасындағы қызметші қызға айтады. Олар хан қызының таза екендігіне куәлік берсек, басымыз бәлеге қалар деп қорқып, қызбен бірге мол азық-түлік, алтын-күміс алып тауға қашады. Бір жерге барып тоқтағанда бір аңшы жігітке жолығады. Ол киіктің үш лағын қолға түсіріп, енді олардың енесін ұстайын ден тұрған екен. Хал сұрасқан соң хан қызы шын сырын айтып береді. Сонда аңшы патша қызын ұнатып, оған өзіне қосылуға ұсыныс жасайды. Сонда қыз тағдырыма жолыққан осы шығар деп келіседі. Бірақ аңшыдан өзінің келісімі үшін қалың мал ретінде киіктің үш лағын сұрайды. Аңшы келісіп, қыз лақтарды босатып жібереді. Аңшы жігіт қызды еліне әкеледі. Сонда қызды көргендер оның сұлулығына қайран қалып: «Бәрекелді, қыз-ақ екен. Бұдан артық сұлулық болар ма?!» деп, таңданып, тамсанады. Кейін бұл сөз қызға лақап есім болып, одан тараған ұл-қыздарын «қыз-ақ балалары» деп атап кетеді. Кейін оның соңғы бөлігі айтылмай, алдыңғысы «қаз-ақ, қазақ» болып аталып кетеді. Сол себептен Құдай тағала патша қызына үш перзент береді. Солардан патша қызы мен аңшы жігіттің тұқымы көбейіп, бұлар ұзақ уақытта рахат, қайғысыз өмір сүреді.
13. Басы:
Бір заманда бір патшаның қызы түсінде ахтылам (үйлену) болып, жүкті болып қалады.
14. Соңы:
Кейін бала деген сөз қалып «Қазақ» болып қалған.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек