∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Кобланды батыръ

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Кобланды батыръ
3. Авторы (Айтушы)
Марабай жырау. Е. Александров. Аудармашы — Ағаманов Қазалы бекінісінде прапорщик болып істеген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мәлике Ғұмарова
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазба 1885 жылы Қазалы ауданында жазылып алынған. 1960 жылы Мәлике Ғұмарова қолжазбаны Москвадағы Орталық тарих музейінен, атақты тюрколог Гродековтың фондысынан тапқан (ф. 307, ед. хр. 54)
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
МФ 8
8. Бет, жол саны, өлшемі
52;
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Микрофильмде
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Алпысқа келген Қыдырбайдың әйелі Мақпалдан егіз бала туады, ұлына Қобланды, қызына Қарлығаш деп ат қояды. Он бес жасқа келгеннен кейін Қобланды әкесінен рұқсат сұрап, шөп шабуға шығады. Шөп шауып жүріп, қалмақ жерінің шегіне шығып кетеді. Ол Алшағыр ханның жері екен, Қобланды оны өлтіреді. Бір күні алыстағы ауылда той болып жатқанын естіп, Қобланды сонда барады. Ол қалмақ қызы Құртқаның тойы екен. Қызды қалмақтың Қызыл батыры алғалы жатыр екен. Қыздың шешесі қызын батырға беруге риза болмай, қабақты кім атып түсірсе, қызымды сол алсын депті. Қабақты Қобланды атып түсіреді. Қызды шешесімен көшіріп еліне алып келе жатады. Қыз оған риза емес, мұны сезген Қобланды Қызылбастың еліне барып, оны өлтіреді. Құртқа Қобландыға жақсы көрінбек болып, Қыдырбайдың жылқысынан бір буаз бие алып, оның құлынын күнінен бұрын тудырып асырайды. Қырық рулы қияттың елін қалмақ шаппақ болғанын Қараман естіп, Қобландыға келеді. Қобланды жауға мінетін атының әлі өспегенін айтып, Қараманға ермей Қалады. Қараман Қобландыны жауға бармай үйде қалдың, қатынсың деп, өзі аттанып кетеді. Оған ыза болған Қобланды Қараманның артынан қуып жетіп, басып озып, қалмақта Көбікті дегеннің еліне келеді. Көбіктіні, баласы Быршымбайды да өлтіреді. Көбіктінің қызы Қарлығаны Қобланды алады.
13. Басы:
Некогда жиль богачь по имени Кыдырбай, Всякого рода скота у него была вдоволь.
14. Соңы:
Такими подвигами и оканчивается вашь богатырь Кобланды.
15. Қосымша мәлімет
Мұсабай жырау нұсқасы орыс тіліне қарасөзбен толық аударылған. Бұл нұсқаны Қазалы маңайындағы белгілі жырау Мұсабайдан жазып алғаны жөнінде А. Е. Александровтың «Записаны А. Е. Александровым в Казалинском уезде» деп айтқаны бар.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш