∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қазақтың қысқаша шежіресі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қазақтың қысқаша шежіресі
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ғұсыман Бегешев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қорға 1966 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
680
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.12; Ж.24; 21,5х30,5; 19,5х28,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына қара қарындашпен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде Қырымдағы түрік халықтары арасына түбі араб тайпаларынан шыққан Әнәс деген кісі келіп қоныстанады. Ол өзі оқыған, сауатты адам болып, қырымдықтардың тілінде балаларды оқытады. Әнәстің Мағаз деген бір баласы да түрік балалармен бірге ойнап, өсіп ержетеді. Күндердің күнінде оны Қырым ханы көріп, оны өз сарайында бала оқыту үшін Әнәстен қалап, сұрап алады. Мағаз сарайда тұрып, ханның қол астында мұғалім болып, бала оқытады. Уақыт өте Мағаз үйленіп, әйелінен Сапыл дүниеге келеді. Сапылдан Ақшолпан, Қурай деген екі перзент тарайды, ал Ақшолпанның Аламан деген бір баласы болады. Осы Аламаннан Алаш деген бала туып, бір кезде осы Алаштан Жайылхан, Сейілхан деген екі ұл тарайды. Енді бір заманда Алаштың Сейілханынан сегіз аталы түрікпен рулары, ал Жайылханнан Майқы деген ұрпағы тарайды. Осы Майқыдан Өзбек және Қобян деген екі бала туып, ер жетеді. Майқының Өзбегінен өрбіген ұрпақтары өзбек тұқымы, ал Қобянынан тарағандар — Қазақ пен Созақ болып жалғасады. Енді Қобянның екі баласының бірі — Созағынан Қарақалпақ — жалғыз болса, оның Қазағынан төрт бала: Көзел, Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс –бір қауым болады.
13. Басы:
Өткен VI ғасырда түрік нәсілінен бөлінген Қырымдық тұқымдар арасына жоғарыдағы Әнәс келіп, түрікше бала оқытады.
14. Соңы:
Қазақтың төрт баласы болғанын айтып өткенбіз. Қазақтың үлкен баласы – Көзел, оның тұқымынан дерек жоқ.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек