Ертеде дүниедегі атақты фақылдардан (дүниеқорлардан) да өтіп кеткен сараң, дүниеқор адам болған. Жалғыз қызының өзіне де күніне бір наннан басқа еш нәрсе беріп көрмеген. Бірде фақыл (сараң) адам сапарға кетіп, қызы жалғыз қалғанда, бір ғаріп келіп, қыздан ішер ас, киім, т.б. сұрайды. Қыздың ғәріпке жаны ашып, қолындағы жалғыз нанын беріп тұрғанда, әкесі келіп қалады. Әкесі қызды сахараға апарып, оң қолын кесіп, тастап кетеді. Қызды аң аулап, саяхат қылып жүрген бір патша тауып алады. Қызды үйіне әкеліп, той жасап, баласындай қылып өсіреді. Қыз өзінің адамгершілік, қайырымдылық мінезімен патшаның ұлына тиіп, бақытқа жетеді. Аллаға жалбарынып, қолы қалпына келеді.