∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шылым – тоты нама қиссасы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шылым – тоты нама қиссасы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әбдірайым Мұратов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Институттың қолжазба қорына 1960 жылы тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
258
8. Бет, жол саны, өлшемі
45; 33; 28,5×20,5; 23,5×9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бір жолды кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Рұмда Мұқтарша деген патша бір күні мың адам нөкермен аңға шығады. Құйрығы күміс, басы алтын ғажап киікті көріп, патша өзі атып алады. Шылымның құмары шыдатпай қиналғанда Қыдыр келіп шылым беріп, батасын береді екен. Жолда Мұқтарша патша Мысырдан келе жатқан көп керуенге жолығады. Керуеннен Аппақша деген падишаның қызы Әфузаны көріп, ғашық болады. Қыз өзін үш рет сөйлете алмаған жігіттің басын алады екен. Патша Мысырдағы қыздың сарайына келеді. Қыдыр берген шылымы бір әңгіме айтады: «Үндістанда Харулай патшаның сөйлейтін тоты құсы бар екен. Тоты Бекзат деген керуенбасына: «Алып шынарды мекендейтін тоты туыстарыма сәлем айт», – депті. Керуенбасы саудамен Үндістанға қайта келгенде, тоты айламен өтірік өлген боп тордан босап, туыс тотыларына барып қонақ болады. Патшаға қайтып келемін деп, уәде беріп едім деп, Үндістанға қайтады, жасартатын алманың дәнін алып келеді. Патша бағбанға алманың дәнін еккізеді. Алма піскенде, жерге түскен алманы жеген уәзір өліп кетеді. «Өтірік алдапсың», – деп патша тотыны өлтіреді. Бағбан шал үш жыл бұрын бір байдан қарыз ақша алған екен, «қарызымды қайтар» деп, бай қыр соңынан қалмаған соң, “алманы жеп өлейін”, – деп ағаштан алманы үзіп жесе, он бес жасар жігітке айналады. Бағбан алты алманы үзіп, патшаға алып келеді. Патша да, уәзірлері да алманы жеп жасарыпты». Осы жерге келгенде жігіт шылымнан: «Неге алманы бірінші жеген уәзір өліп кетті, қалғаны неліктен жасарды?» – деп сұрайды. Шылым себебін білмейтінін айтады. Қыз шыдай алмай: «Жерге түскен алмаға жыланның уы дарыған. Уәзір сол алманы жеген екен», – депті. Нөкер қыздар: «Мұқтарша Әфузаны сөйлетті», – деп, қыздың әкесіне сүйінші сұрап барады. Әкесі кырық күн той жасап, жүз нарға жасау артьш, қызын ұзатады.
13. Басы:
Үкіметі тас кескен
14. Соңы:
Аңдыған ажал қоймай шын дүниеге барады.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолы әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш