∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

شەرقۋات / Шерқуат

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
شەرقۋات / Шерқуат
3. Авторы (Айтушы)
Нұралы Нысанбайұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Рафаэль Жұмабаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1949 жылы жазылған
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
393
8. Бет, жол саны, өлшемі
16; 30; 21×17; 8×15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Дастанның басты қаһарманы – Шерқуат. Ол жауыздық пен өшпенділік салдарынан талай мехнатты басынан кешіріп, өмірдің ауыртпалығын тартады. Шынығып өсіп, адал батыр болады. Мұратына жетеді.
13. Басы:
بيسميللا الدىم قالامدى / Бисмилла алдым қаламды
14. Соңы:
وسىمەنەن شەرقۋات مۇراتقا جەتەدى / Осыменен Шерқуат мұратқа жетеді.
15. Қосымша мәлімет
Дастан жеті-сегіз буынды жыр үлгісімен жазылған, кейде қара сөз де кездеседі. Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналастырылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш