∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шәкір-Шәкірат

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шәкір-Шәкірат
3. Авторы (Айтушы)
Ратбай Мұратбайүлы Дауытбаев. Амудария құйылысындағы Шоманай ауданы, Шоманай совхозында тұрады.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қыдырәлі Саттаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1988 жылғы “Амудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиетін жинау” экспедициясы кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/58
8. Бет, жол саны, өлшемі
72; 30; 20×30; 14,5×24
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ақ түсті кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Шәкір мен Шәкірат атты ағайынды екі жігіттің аянышты өмірі, өгей шешеден, керуеншілерден, уәзірлерден кек алып, ағайынды екі жігіттің мұратқа жеткені баяндалады.
13. Басы:
Ертеде Әлім деген патша өткен
14. Соңы:
Үш елге хан болып мұратына жетуі
15. Қосымша мәлімет
Оқиға қара сөзбен беріліп, өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналастырылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш