∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шәкір-Шәкірат

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шәкір-Шәкірат
3. Авторы (Айтушы)
Әбдірәсіл Ахметов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қыдырәлі Саттаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1988 жылы Ташкент облысы, Коммунист ауданы, Сексената аулында жазылған. 1988 жылғы “Амудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиетін жинау” экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/58
8. Бет, жол саны, өлшемі
44; 30; 20×30; 13×24
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ақ түсті кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Шәкір мен Шәкірат атты ағайынды екі жігіттің аянышты өмірі, өгей шешеден, керуеншілерден, уәзірлерден кек алып, ағайынды екі жігіттің мұратқа жеткені баяндалады. Патшаның аты Әшім деп аталады.
13. Басы:
Қолыма қалам алдым хат жазғалы
14. Соңы:
Кеткенін қайда көрмедім
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналастырылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш