∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Шаһзада батыр
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Шаһзада батыр
3. Авторы (Айтушы)
Рахмет Мәзқожаев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Оразгүл Нұрмағамбетова
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1956 жылы Қызылорда облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
333
8. Бет, жол саны, өлшемі
12; 29; 29×20,5; 28×16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Дастан
12. Қысқаша мазмұны
Шаһзада батырдың патша қызы Сақыпжамалға үйлену жолындағы кездескен қиындықтары мен әкесінің тағын қайтару жолындағы ерлік істері, соңында мұратына жетуі сөз болады.
13. Басы:
Ал еңді тыңдаңыздар сөздің басы
14. Соңы:
Осыны өлең еттім халқым тыңдасын
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналастырылған.