∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шора батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шора батыр
3. Авторы (Айтушы)
Мұстафа Дамыллаев (1915 ж.туған) – жыршы, фольклорлық мұраларды насихаттаушы. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз аулында дүниеге келген. Ол Түркістан қаласында теміржолшы қызметін атқарған. «Шора батыр» жырының нұсқасын жырлап, ауыз әдебиеті үлгілерін кейінгі ұрпаққа жеткізуге үлес қосқан.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қыдырәлі Саттаров (1941–2011) – көрнекті фольклортанушы, халық мұрасын жинаушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірі мен Өзбекстан Республикасының Ташкент аймағында бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедицияларды ұйымдастырып, ғылыми жетекшілік етті. Экспедициялар барысында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін, эпостық жырлар, ертегілер мен балалар фольклорын жинап, жүйеледі. Ғалым жинаған 200-ден астам қолжазба топтамасын М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырып, қазақ фольклорының ғылыми қорын толықтыруға зор үлес қосты. Сонымен қатар халық мұрасын жариялап, зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізуге елеулі еңбек сіңірді.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1994 жылғы Түркістан фольклор экспедициясы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/111
8. Бет, жол саны, өлшемі
7; 7; 33; 19х29,5; 9х22
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Арнайы жасалған кітапшаға көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Оған машинкаға басылған көшірмесі қоса тіркелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Сыр бойындағы елге Қазаннан қырық үйлі тама келіп қосылады. Соның ішінде Нәрік бай перзентінің жоқтығынан тепкі көріп, елінен шығып кетеді. Сөйтіп әулиелерге түнеп, зар илеп жүріп Шора атты ұлды болады. Шора ертегідегідей ғажайып күш иесі болып ержетеді. Алты жасқа келгенде, өзінің тама руынан шыққан қырық баланың кегін алмаққа аттанады. Шұбар атты таңдап мініп, мың баланы жалғыз өзі жеңеді. Қорыққаннан Жанбай таздың жүрегі жарылып өледі. Қарахан Әліби арқылы шұбар атты сұратады. Шора батыр тұлпарын бермейді. Қырық жігіт пен Әлібидің басын кесіп, Шора мақсатына жетеді.
13. Басы:
Бір кезде Сыр бойына 40 үй тама келіп қосылады.
14. Соңы:
Сөйтіп, ер Шора мұрат-мақсатына жетіпті.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке екі қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш