∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ер Шора

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ер Шора
3. Авторы (Айтушы)
Әбдіғаппар Әлімжанов – жыршы. «Ер Шора» жырын 1950 жылы жазып алып, 1957 жылы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әбдіғаппар Әлімжанов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1950 жылы жазып алып, 1957 жылы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
129
8. Бет, жол саны, өлшемі
87; 87; 33; 18,5х26,2; 18х21,2
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк түсті қаламмен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Қырық мың үйлі тамада Нәрікбай атты байдың баласы болмайды. Есім атты інісі шұбар атын сұратады. Нәрікбай інісінің сұратқанын бермейді. Қубастығын бетіне басқан соң, інісіне өкпелеп он мың үйлі түрікменге көшіп кетеді. Түрікмен ханының аты – Қарахан, биінің аты – Әліби. Әліби де шұбар атты сұратып, тамаларға тыным бермейді. Ақыры ала алмасына көзі жеткен соң, Қараханға той жасаттырып, “тойға баласы жоқтар келмесін” деп жар салғызады. Перзентсіздігінен тағы да таяқ жеген Нәрікбай әйелі Күлқанысты ертіп, Құдайдан тілек тілеп, құрбан шалып, әулиелерге түнейді. Тілектері қабыл болып, Күлқаныс жүкті болады. Екеуі 40 үйлі тамаға қайта оралады. Күлқаныс жолбарыстың жүрегіне жерік болады. Ай-күні жетіп, Шора есімді бала дүниеге келеді. Ол тез ержетіп, әке-шешесіне зорлық көрсеткен түрікмендерден кегін алады. Нәрікбай өзінің туған еліне оралып, Есім үлкен той жасайды.
13. Басы:
Тыңласаңыз жақсылар…
14. Соңы:
Қосылған соң Есім ер Қылды енді үлкен той.
15. Қосымша мәлімет
… Қосылған соң Есім ер Қылды енді үлкен той.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш