∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қаз бен түлкі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қаз бен түлкі
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әбу Уахатов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1959 жылғы Павлодар экспедициясы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
116
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 3; Ж. 10; 19х14; 18х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Блокнотқа көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Ертегіде ақылды қаздың айлакер түлкіні қалай алдап, өлімнен қалай құтылғаны баяндалады.
13. Басы:
Бір түлкі жайылып жүрген қаздардың қасына жермен жер болып ұрланып келіп, шеткі біреуін бассалып ұстап алады.
14. Соңы:
Түлкі аузын ашқан күй қала беріпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек